Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бүлінген бейнебақылау камералары қалпына келтірілді
Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бүлінген бейнебақылау камералары қалпына келтірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4-7 қаңтар аралығындағы тәртіпсіздіктер кезінде 75 “Сергек” кешені, бұл 304 бейнекамера, сондай-ақ РТРК ғимаратында орналасқан орталық байланыс орталығы, антенна және желілік жабдық істен шығарылды.
Барлық зақымдалған камералар мен жабдықтар қалпына келтірілді.
Жеке ВОЛС арналарына қосылуға арналған жеке жүйесі бар 1 103 камераны қамтитын “Бейнебақылау жүйелері” жобасы бойынша тәртіпсіздіктер кезінде 283 камера, сондай-ақ шкафтар мен тарату жабдықтары істен шыққан.
Қазіргі уақытта бейнекамералар мен зақымданған қондырғылар қалыпты жұмыс істеп тұр.
Сонымен қатар, 2022 жылы қалада орнатылған тағы 3 500 камераны ЖБО-на қосу жоспарлануда.