Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-ның барлық полиция бөліністерінде жаппай бейнебақылау жүйесі жұмыс істеуде

СҚО-ның барлық полиция бөліністерінде жаппай бейнебақылау жүйесі жұмыс істеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция бөліністерінде қызметтік бөлмелерге бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары аяқталды. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын орындау мақсатында, бұл жұмыс өткен жылы қолға алынған болатын. Ішкі істер органдарының әкімшілік ғимараттарының кабинеттері мен барлық учаскелік полиция пункттерінде 1192 камера орнатылды. Аппараттық-бағдарламалық кешен бұл бейнежазбаны Жедел басқару орталығына түсіруге мүмкіндік береді.

– Мұндай формат қызметті ашық етуге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен басқа да бұзушылықтардың алғышарттарын жоюға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жүргізіліп жатқан тергеу әрекеттерінің ашықтығын қамтамасыз ету, қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану және ұсталған адамдардың тарапынан арандату фактілерінің алдын алу мақсатында аумақтық полиция бөлімшелерінің арнайы мекемелерінің барлық бөлмелерінде сыртқы және ішкі бейнебақылау орнатылған. Бұл камералардан түсірілген видео кезекші бөлімшелердегі мониторда көрінеді, – деді Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Оның айтуынша, ұсталғандармен жұмыс жүргізетін қызметкерлердің қызметін бақылау жүйесін жетілдіру ұдайы жүргізіліп тұрады. Бұдан бөлек, арнайы мекемелерде адам құқықтарының бұзылуына жол бермеудің және алдын алудағы тиімді тетік – Ұлттық превентивті механизм өкілдерінің арнайы мекемелерге баруы, құқық қорғаушылардың жеке қабылдаулар өткізуі.

Полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне шағыммен СҚО ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының келесі: 8(7152) 61-26-89 телефон нөміріне жүгінуге болатынын еске саламыз.

– Әр хабарлама басшылықтың бақылауында болады. Принципті әрі қатаң ұстаным объективті бағалауға мүмкіндік береді және полиция қызметкерлерінің тарапынан азаптау немесе өзге де қандай да бір бұзушылықтар расталған жағдайда заңнамамен көзделген барлық шаралар қолданылатын болады, — деп атап өтті Руслан Назаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру