«Тұрмыс» іс-шарасы: Ақмола облысында екі қылмыстық іс басталды
Ақмола облысының аумағында «Тұрмыс» жедел алдын алу шарасы барысында екі қылмыстық іс басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еске сала кетейік, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар мен қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында 24 қаңтарда Ақмола облысының аумағында «Тұрмыс» жедел алдын алу шарасы басталды.
Жедел-алдын алу іс-шарасы аясында ақмолалық полицейлер ҚР ҚК 384-бабы 3-бөлігі бойынша (Құжаттарды ұрлау) фактісі және ҚК 389-бабы 1-бөлігіне сәйкес (Өзінше билік ету) фактісі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.
20 қаңтарда жергілікті тұрғын Бұланды ауданының ПБ полиция бөліміне өтінішпен жүгінді. Жәбірленушінің бұрынғы бірге тұратын ер адамы – Макинск қаласының 41 жастағы тұрғыны еркін қол жеткізу арқылы өтініш берушінің үйінен жылжымайтын мүлік құжаттарын, сондай-ақ алимент өндіріп алу туралы сот шешімін ұрлағаны алдын ала анықталды. Бұдан басқа, қаскүнем әйелден оған тиесілі Samsung ұялы телефонын алып қойған. Шығын сомасы 89 мың теңгені құрады. Заттай дәлелдемелер алынды.
Еске саламыз, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер үшін Ақмола облысының Полиция департаментінде 8 (7162) 72-18-22 сенім телефоны жұмыс істейді, Көкшетау қаласының Полиция басқармасына 8 (747) 9007197 нөмірі бойынша хабарласуға болады.