Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО колониясында теолог маманмен кездесу шарасы өтті

СҚО колониясында теолог маманмен кездесу шарасы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ЕС-164/6 мекемесінің базасында мекеме бастығының орынбасарлары, тәрбие бөлімінің бастығы және психологқа жетекшілік ететін “Ақниет” ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы” қоғамдық қорының өкілі, теолог К.Мұстафинмен жұмыс кездесуі өтті.

Теологиялық оңалту жұмысы өз қызметіне дерадикализацияға, деструктивті діни ағымнан алыстауға, сондай-ақ сотталғандардың терроризм мен діни экстремизм идеологиясына иммунитетін қалыптастыруға бағытталған идеологиялық, алдын алу профилактикалық және тәрбиелік ықпал ету шараларының кешенін қамтиды.

Кездесуге қатысушылар сотталған әйелдермен жұмысты одан әрі жүргізуді талқылады, алдағы жылы пысықтау қажет мақсаттар мен міндеттер қойды. Ислам діні саласындағы сипаттамаларды қарастырып, қалыпты бағытты анықтады. Қазақстан қоғамының дәстүрлі құндылықтарына көшу жөніндегі жұмыс тұжырымдамалары талқыланды.

Кездесу соңында олар дөңгелек үстелдерді бірлесіп жалғастыру туралы шешім қабылдады, онда ҚАЖ мекемелерінде баптар бойынша жазасын өтеп жатқан сенуші контингенттің радикалды идеологияға жол бермеу мәселелері талқыланады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру