Алматыда жаңа көлік айрығының құрылысы басталады
Алматыда жаңа көлік айрығының құрылысы басталады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, Саин көшесімен Мөңке би көшесінің қиылысында көлік айрығын салу, сондай-ақ Төле би даңғылын созу жұмыстарын бастау жоспарлануда.
– Сонымен қатар, биыл Абай даңғылын созуды, Саин көшесі, Әуезов көшесі, Сейфуллин даңғылымен Жансүгіров көшесімен Құлжа трактісінен Бухтарминск көшесіне дейінгі көлік айрығын салуды, сондай-ақ «Сарыарқа» және «Б.Момышұлы» бекеттерімен қосып, ұзындығы 3,1 шақырымды құрайтын метро желісін пайдалануға беру жоспарда бар. Сондай-ақ, ұзындығы 30,5 шақырымды құрайтын “Думан” ықшам ауданында күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау, Алғабас, Қайрат, Альмерек шағын аудандарындағы 43,1 шақырымды құрайтын 141 көшеде жол құрылысын аяқтау жоспарлануда, – деді Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.
Бөлімшеде өткен жылы Рысқұлов даңғылы – Емцов көшесі қиылысында көлік айрығы іске қосылғанын атап өтті.