Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада 24 жастағы сотталушы қалыңдығымен некеге тұрды

Қызылордада 24 жастағы сотталушы қалыңдығымен некеге тұрды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ЗК-169/1 тергеу изоляторында сотталушы жігіт қалыңдығымен ара-қатынасын заңдастырды.

– Бұл жағдай қамаудағы азаматтың санасын жағымсыз ойлардан арылтып, жігерлендіріп, оң ықпалын тигізетіні анық, – деді мекеме бастығының орынбасары Қ. Олжабаев.

24 жастағы жігітке ҚР ҚК-нің 272-бабының 2-бөлігі (Жаппай тәртіпсіздік) бойынша айып тағылып, тергеу жүргізілуде. Қылмысы дәлелденсе, біраз жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

– Мен жігітімнің құқық бұзып, теріс әрекет жасағанын түсінемін, әйтсе де бұл сәтті тағдырымның сынағы деп қабылдадым. Сондықтан сын сәтте оны қолдап, адал жары бола алатындығымды білдіру ниетіммен осындай шешімге келдім, – деді қалыңдық

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру