Түркістандық полицейлер жастар арасында нашақорлыққа қарсы күреске қатысты дәрістер өткізуде
Түркістандық полицейлер жастар арасында нашақорлыққа қарсы күреске қатысты дәрістер өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жастар арасында есірткі қылмыстарының алдын алу мақсатында сан түрлі іс-шараларды ұйымдастырып, өткізіп келеді. Оның басым көпшілігінде полицейлер адами әлеуетті дамыту басқармасының өкілдерімен бірлесіп, студент жастарға дәріс өткізді.
Яғни, Түркістан қалалық педагогикалық колледжінің білімгерлеріне “Жастар есірткісіз өмірді қалайды” деген тақырыпта нақты фактілерді келтіре отырып, шара ұйымдастырды.
Іс-шараға қатысу үшін 100-ден аса студент арнайы залға жиналса, 1200-ге жуық басқа да оқу орындарының студенттері онлайн режимде қатысты.
Барлық жастарға есірткі және нашақорлықтың зияндылығы мен оған қатысты заң алдындағы жауапкершілік жіті түсіндірілді.
Жастармен кездесу кезінде тәртіп сақшылары ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауындағы “Болашақ ұрпақтың әл-ауқатына төнетін қатер есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы” деген пікірін алға тартып, осы мақсатта жүйелі жұмыс атқарылып жатқанын айтты.
Сондай-ақ, ҚР Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен дайындалған бейне роликтер ұсынылды. Полицейлер жиналғандарға әрқашан салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануға, теріс әрекеттерге бармауға шақырды.