Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО бойынша ҚАЖ департаменті үздік пробация қызметкерін анықтады

БҚО бойынша ҚАЖ департаменті үздік пробация қызметкерін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

БҚО бойынша ҚАЖД өткен жылдың қорытындысы бойынша “Пробация қызметінің үздік қызметкері” атағына кәсіби шеберлік конкурсын өткізді.

Байқау екі кезеңнен тұрды.

Бірінші кезеңде – кандидаттарды іріктеу аумақтық пробация қызметтерінің қатарынан жүзге асырылады, қызмет нәтижелері негізі көрсеткіштер бойынша бағаланады, онда бағалау көрсеткіштері жоғары 11 қызметкер таңдалды.

Екінші кезең – арнайы, атыс және дене шынықтыру дайындығы бойынша тапсырманың орындалуымен бағаланды.

Нәтижесінде, БҚО бойынша ҚАЖД №1 Казталов аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Салауат Байдуллин жеңімпаз атанды.

Салауат туралы айтатын болсақ, құқық қоғау органдарында 2017 жылдың қаңтар айынан, ал атқарып отырған лауазымында 2019 жылдың тамыз айынан қызмет атқарады. Қызмет атқару кезінде өзін тек жақсы жағынан көрсетіп, бірнеше марапаттарға ие болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру