Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлдық полицейлер желідегі алаяқтарға қарсы ерекше интернет акция ұйымдастырды

Петропавл қалалық ПБ Екінші полиция бөлімінің қызметкерлері ерекше акция өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған акцияны «Kolesa.kz» сервисінде ұйымдастырды. Тәртіп сақшылары ескерту мақсатында автокөліктерін сақпақшы болған 2900 солтүстікқазақстандыққа арнайы хабарлама жолдаған: «Тауарды сатуға қойдыңыз ба? Алдын ала төлем алу үшін карточкаларыңыздың нөмірлерін, пин-код, cvv-кодтарды жібермеңіздер. Банк карталарыңыздың мәліметтерін, құпиясөздерді растау, растау кодтары мен басқа да ақпаратты ұсыну қажет болған сілтемелерге өтпеуіңізді сұраймыз, аталған ақпаратты қаскөйлер есепшоттарыңыздағы ақшаны қолға түсіру үшін қолданады».

Желі қолданушыларынан «Ескертуіңізге рақмет» – деген комментарийлер келіп түскен.

«Кибералаяқтар көп жағдайда алдын ала төлем талап етеді немесе жәбірленушілердің құпия мәліметтеріне қол жеткізуге ұмтылады. Бірер күн бұрын полицияға интернеттегі хабарландыру бойынша автокөлік сатып алмақшы болған қала тұрғыны жүгінген, ол қаскөйге алдын ала төлем ретінде 680 мың теңгесін аударған, бұдан кейін «сатушымен» байланыс үзілген. Мұндай жағдайлар жиі орын алып жатады, алаяқтардың құрығына сатушылар да, сатып алушылар да түсуі мүмкін. Біз акцияны өткізгеннен кейін учаскелік полиция инспекторлары автоаксессуарларды сататын тағы 700 адамға ескерту хабарламасын жолдады. Бұдан бөлек, тұрғындарға интернет-алаяқтық туралы жадынамалар таратылады. Бұл қылмыс түрін тек кең ауқымды тұрақты профилактикалық жұмыс арқылы жоюға болады, біз адамдарды ақпараттандыру мақсатында түрлі тәсілдерді қарастырудамыз», – деді Екінші ПБ бастығы Руслан Сыздықов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру