Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер тұрғылықты мекенжайы жоқ 6 адамды анықтады

Атыраулық полицейлер тұрғылықты мекенжайы жоқ алты адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күн суытқанда учас­келік полиция инспекторлары қиын өмір­лік жағдайға тап болған адамдардың болуы мүмкін жерлерді тексеруді қолға алады. Оның ішінде жылу трассалары, жертөлелер, қараусыз қалған саяжай үй­лері және басқа да орындарға рейдтер жүргізіледі. Сақшылардың басты міндеті – үй-күйсіз жүрген азаматтардың күн суықта үсіп қалуын болдырмау.

Осындай рейдтік іс-шаралардың бірін өткізу кезінде учаскелік полиция қызметкерлері тұрғылықты мекенжайы жоқ 6 адамды анықтап, Атырау қаласы Полиция басқармасының қабылдау-тарату орнына орналастырды.

Аталған азаматтар баратын жерлері болмағандықтан, жылы жерлерді пана етіп жүргендерін айтқан.

Айта кетейік, жыл басынан бері учаскелік полиция қызметкерлері қабылдап-тарату орнына тұрғылықты мекенжайы жоқ 50-ге жуық адамды жеткізген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру