Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісай полицейлері 170 мың теңгесі бар әмиянды иесіне қайтарды

Жетісай полицейлері 170 мың теңгесі бар әмиянды иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кешкі уақытта Жетісай аудандық полиция бөлімінің кезекшілігіне жергілікті тұрғын, яғни келіншек хабарласып, ішінде 170 мың теңгесі бар әмиянының жоғалғанын айтады. Аудан полицейлеріне хабарласқан тұрғын Асық ата кентінде тұратын болғандықтан, бірден учаскелік полиция инспекторлары Асқар Халықов пен Әлмұхаммед Кемеловке тапсырады. Олар әмияны жоғалған тұрғынмен сөйлесіп, толық мән-жайды анықтайды.

Бірінші кезекте келіншектің таксиге қай уақытта мінгенін, барған орындарын тексереді. Учаскелік полицейлер әмиянның таксиде қалуы мүмкін екенін ескеріп, бейнекамераларды қарап шығады. Тұрғынның мінген такси жүргізушісіне байланысқа шығып, оған түскен қоңырауларды тексереді. Жүйелі және өз мерзімінде жүргізілген жедел шаралардың арқасында әмиян такси жүргізушісінің көлігінен табылады.

Әмиянның ішіндегі 170 мың теңге қаз-қалпында. Табылған зат заңды иесіне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру