Екі қызылордалықтан ақбөкеннің денесі тәркіленді
Екі қызылордалықтан ақбөкеннің денесі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері, табиғат қорғау прокуратурасы және «Охотзоопром» ӨБ РМҚК қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген рейд кезінде 25 қаңтар күні қала орталығындағы көшелердің бірінде 27 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы жеңіл автокөлік тоқтатылды.
Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан бір бас ақбөкен аңына ұқсас жануардың денесі анықталып, айғақ зат ретінде тәркіленді.
Күдікті екі ер адам уақытша ұстау абақтысына қамауға алынып, ҚР ҚК-нің 339-бабымен (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.