Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бейнеу аудандық пробация қызметінде 84 сотталған адам есепте тұр

Бейнеу аудандық пробация қызметінде 84 сотталған адам есепте тұр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызметкерлер әр сотталған тулғамен жеке жұмыс жасап, оларға әлеуметтік құқықтық көмек көрсетеді. 48 сотталған адам бас бостандығынан шектелген, 13 сотталған адам шартты сынақта, 17 сотталған адам белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылған. Сонымен қатар, алты адам қоғамдық жұмыстарға сотталғандар.

2021 жылдың қортындысы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңы Бейнеу аудандық пробация қызметінде есепте тұрған 36 сотталғанға жасаған қылмысына қарай амнистия қолданылды.

Қазіргі таңда алты адамға сот қаулысы шығып, бес сотталған адам босатылды және бір сотталғанға қысқарту қаулысы шықты. Қалған 30 сотталғанның құжаттары Бейнеу аудандық сотының қарауында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру