Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 11 жастағы баланы тапты

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 11 жастағы баланы тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби АПБ-ға жергілікті әйел тұрғын кешкі уақытта арызданып, алтыншы сыныпта оқитын баласының үшті-күйлі жоғалғанын айтып, көмек сұрайды. Анасының айтуынша, 11 жастағы баласы сағат 15:00 шамасында үйінен сыртқа шығып, қайта оралмаған. Ата-анасы полицияға жасөспірімнің жоғалғаны туралы айтудан бұрын, өздері іздеп табамыз деген ниетпен іздестіріп, уақытты өткізіп алған. Күн батып, кеш болғаннан соң полицейлерге хабарлаған.

Әйелден қоңырау түскен уақыттан бастап жоғалған баланың жасөспірім екенін ескере отырып, аудандық полицейлер шұғыл түрде іздестіру жұмыстарына кірісті. Баланың баруы мүмкін жерлер мен туыстары тексерілді. Сыныптастары арасында да мұқият сұрастырылды.

Нәтижесінде, алтыншы сынып оқушысы Төлеби ауданы Леңгір қаласындағы көшелердің бірінен табылды. Оқушы бала аман-есен ата-анасына тапсырылды.

Анықталғандай, жоғалған бала рұқсатсыз сыртқа ойнауға шығып, содан соң бірнеше достарымен бірге жақын маңдағы стадионға ойнауға барған. Одан әрі қарай бірінің үйіне барып, тағы да компьютермен ойындарын жалғастырған.

Полицейлер тарапынан ата-ананың рұқсатынсыз сыртқа шықпау қажеттілігі балаға түсіндіріліп, полиция бөлімінің психологымен жүздестірілді.

– Менің ұлым жоғалып, өзіміз іздеп таба алмай полицияға хабар бердік. Ұлымды тауып бергендеріңізге алғыс айтамын, – деді табылған баланың анасы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру