Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да ҚАЖД мекемесінде сотталғандар арасында конкурс өтті

СҚО-да ҚАЖД мекемесінде сотталғандар арасында конкурс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінің аумағында орналасқан «Петропавл кәсіптік колледжі» КММ жыл сайын кәсіби шеберлік конкурстары өткізіледі.

Кәсіптік колледжде №03 оқу тобының студенттері арасында «Тас қалаушы мамандығының үздігі» байқауы өткізілді.

«Петропавл кәсіптік колледжі» КММ директорының орынбасары Д.Сабитов құттықтау сөз сөйледі.
Өз сөзінде ол байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқау екі кезеңнен өтті: теориялық және практикалық. Теориялық тапсырмада студенттер тест сұрақтарына жауап берді, кроссворд шешті, әріптер жиынтығынан құралдардың аттарын құрастыру бойынша «Словограмма» тапсырмасын орындады.

Практикалық тапсырма қалыңдығы 0,5 кірпіштің бұрышын төсеу, тігістерді бір қатарлы байлау жүйесіне сәйкес екі жағынан тік шектеу болды. Әр студент үшін құрал-саймандармен және кірпіштің қажетті мөлшерімен жұмыс орны жабдықталған.

Студенттер қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, өз бетінше жұмыс істеді.

Теориялық және практикалық тапсырмалардың қорытындысы бойынша қазылар алқасы ең жоғары балл жинаған жеңімпаздарды анықтады.

Нәтижесінде, барлық қатысушылар тапсырмаларды толық орындады. Ұпай бойынша алшақтық аз болды. Бірінші орынды сотталған И., екінші орынды сотталған В., үшінші орынды сотталған В. иеленді.

– Мен бүгін байқауда жеңіске жеттім. Колледжде тас қалаушы мамандығын оқыдым. Жарыс тартысты өтті, – деп бөлісті жеңімпаз И.

Барлық жүлдегерлер грамоталармен марапатталды. СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінің сотталғандар еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы Бауыржан Рүстемов конкурс жүлдегерлерін құттықтап, барлық қатысушыларға тас қалаушы мамандығын игеруде табыс тіледі. Сондай-ақ, босатылғаннан кейін мамандығы бойынша жұмыс табуды тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру