Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Байқоңырда сотталған әйелге рақымшылық жасалды

Байқоңырда сотталған әйелге рақымшылық жасалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байқоңырда сотталған әйел рақымшылыққа ілінді. Ол өткен жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 309-бабының 1-бөлігінде (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықпен айналысқаны үшін бір жыл алты ай мерзімге шартты түрде сотталған. Ж. есімді сотталған қылмыс жасау кезінде ұсталып, қылмысы әшкереленген болатын.

– Қылмыстық жазаға сотталған әйелдің мінез-құлқы мен жүріс-тұрысын бақылау Байқоңыр қалалық пробация қызметіне жүктелген еді. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес сотталған ауырлығы орташа қылмыс жасағандықтан және қылмысымен залал келтіруге әкеп соқпағандықтан Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотына Байқоңыр қалалық пробация қызметі тарапынан іс-құжаттар жолданған. Сот отырысында сотталған Ж. өзінің жасаған қылмысына шын жүректен қынжылып, жаза өтеу мерзімінде өзінің дұрыс мінез-құлқымен өзінің түзелгендігін, енді ешқандай қылмыстық құқық бұзушылыққа бармайтындығын айтты, – деді Байқоңыр қалалық пробация қызметінің бастығы Айдос Танбаев.

Нәтижесінде, Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотының қаулысымен сотталған Ж. есімді әйел жазаны одан әрі өтеуден босатылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру