Ақмолада электр генараторын ұрлап, есепке ілінген шетелдік рақымшылықпен босатылды
Ақмолада электр генараторын ұрлап, есепке ілінген шетелдік рақымшылықпен босатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ресей азаматы Петр Ақмола облысында туыстарының үйінде тұрады. Қазақстанға отбасы жағдайымен келген, жұмыстарын аяқтап, үйіне қайта оралуды жоспарлаған.
Көрші ауылдағы танысының үйінде жүріп, бір көлік алаңының ЖШС аумағында нашар жатқан электр генераторын байкап қалады.
Қанша тұратынын есептеген 40 жастағы іскер азамат такси жүргізушісімен келісіп, түнде қымбат құрылғыны тиеп, облыс орталығындағы металл сынықтарына өткізеді. Сол үшін 1,2 млн теңге алған. Осы қылмысы үшін шетел азаматы Петр ұсталды.
Күдіктінің өз кінәсін мойындағанын ескере отырып, процестік келісім жасай отырып, сот құқық бұзушының кәмелетке толмаған балаларын ескеріп, шын жүректен өкінуін және мүліктік залалды ерікті түрде өтеуін назарға алып, сот ең аз 400 сағат қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады.
Кәсіпкер Ақмола облысының пробация қызметінің есебінде тіркелген. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының “Рақымшылық туралы” заңына сәйкес Петр бостандыққа шығып, туған еліне барғалы жатыр, оны отбасы, зейнеткер анасы және екі кішкентай балалары күтіп отыр.