Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Жаяу жүргінші» іс-шарасы: Павлодар облысында 1165 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Павлодар облысында «Жаяу жүргінші» іс-шарасы барысында 1165 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4-7 ақпан аралығында Павлодар облысының аумағында «Жаяу жүргінші» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Аталған іс-шараны өткізген үш күн ішінде полиция қызметкерлері 1165 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, жолын кесті.

– Полицейлер бұзушылықтарды жасайтын көбінесе жаяу жүргіншілер екенін алға тартып отыр, толтырылған 400-ге жуық әкімшілік хаттама соған дәлел. Жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін 97 жүргізуші жазаланды. Сонымен қатар, 99 жүргізушіге қатысты ұялы телефонды пайдаланғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Облыс жолдарында мас күйінде 22 жүргізуші ұсталды. Жүргізушілердің көлік басқару құқығынан айрылғанына  қарамастан КҚ басқаруының  13 фактісі анықталды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Қуаныш Мұстафинов.

Мысалы, 6 ақпанда сағат 13.25 шамасында Павлодар қаласында Қамзин көшесіндегі үйдің жанында тәртіп сақшылары Lada автокөлігін тоқтатты, оның рулінде Тереңкөл ауданының тұрғыны болған. Жүргізуші реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелін кесіп өтетін жаяу жүргіншілерге жол бермеген. Ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК 600-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

– Полицейлердің жолда абай болу қажеттілігі туралы үнемі ескертулеріне қарамастан, тәртіпсіз жаяу жүргіншілер әлі де өз өмірлері мен денсаулығына қауіп төндіре отырып, жолдың белгіленбеген бөлігі арқылы жүре береді. Мәселен, Камзин – Ломов көшелерінің қиылысында полиция қызметкерлерімен Павлодар ауданы, Чернорецк ауылының тұрғыны ұсталды, ол жолдың жүру бөлігін жаяу жүргінші үшін белгіленбеген жерден кесіп өтті. Ер адам өз денсаулығы мен өміріне қауіп төндіріп қана қоймай, апаттық жағдай туғызып, өтіп бара жатқан көліктердің қозғалысына кедергі келтірді. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 2 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жаза берілді. Жол ережесін бұзуының себебін  сұрағанда, ауыл тұрғыны өте асығыс болғанын  айтты. Аталмыш азамат тіпті өз қауіпсіздігі туралы да ойламаған, – деп спикер өз сөзінде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру