Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейі көлігі бұзылып қалған жүргізушіге көмектесті

Түркістан облысының полицейі көлігі бұзылып қалған жүргізушіге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желіде «Азаматтығымен дараланған полицей» атауымен бейнежазба шығып, ондағы полицейдің әрекеті бүкіл елді сүйсіндірді. Мақтанарлығы, ел алғысына бөленіп жатқан бұл полицей, Түркістан облысы Полиция департаментінің жас қызметкері Мағжан Болғанов болып шықты.

Нақтырақ айтсақ, патрульдік полиция полкінің инспекторы өзінің қызметтік көлігімен Жетісай-Сарыағаш бағытындағы жол бойында патрульдеу қызметін атқарып жүрген. Осы сәтте полицей жол жиегіне қарай шығып тұрған көлікті байқап қалады. Содан өзінің уақытпен санаспайтын қауырт жұмысы болса да, арнайы тоқтап көлік жүргізушісінен: «қандай да бір көмек қажет пе, тыныштық болар» – деп қал-жағдайын сұрайды.

BMW көлігінің бұзылып тұрғанынан хабардар болған полицей, қажетті автокөлік бөлшегін әкеліп берейін деп ұсыныс айтады.

Өз кезегінде жүргізуші мен жолаушылар, осы оқиғаға куәгер тұрғындар полиция қызметкерінің соншалықты жанашырлығына тамсанып, оның қырағылығы мен адамгершілігіне және әмбебап маман екеніне ризашылығын білдіреді.

– Осындай азаматтарымыз аман болсын! Өте қуаныштымыз, осы тұста Түркістан облысы ПД басшылығына алғыс айтамыз. Жеке құрам арасындағы полицейлерінің азаматтығын көріп тәнті болып жатырмыз!, – деп алғыстарын білдіріп жатты тұрғындар.

Ел алғысын алып жатқан полицей туралы айтып өтсек, полиция аға лейтенанты М.Болғанов, Сарыағаштың тумасы. Алматы қаласындағы Есболатов атындағы Академияны тәмамдаған. Ішкі істер саласындағы қызметін Түркістан қаласында учаскелік полиция инспекторы қызметінен бастаған. 2021 жылдың мамыр айынан бері Түркістан облысы Полиция департаментінің ЖПҚ Патрульдік полиция тобында жұмыс жасауда. Полицей Мағжан, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, аяқасты болатын түрлі жағдайларда көмектесуді азаматтық борышы деп санайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру