Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлдық полицейлер жыл басынан 12 кәмелетке толмағанды іздеп тапты

Петропавлдық полицейлер жыл басынан 12 кәмелетке толмағанды іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балаларының жоғалып кетуі ата-анаға ауыр соғады. Үйге келмей қалудың себебі көбіне кездейсоқ болып жатады немесе баланың далада ұзақ ойнап жүріп қалуы.

Петропавлдық полицейлердің тәжірибесінде 10 жастағы баланың әжесіне сұрануып кетуі болды. Анасы рұқсат берген, алайда біраз уақыттан соң әжесіне жетпегенін біледі. Дереу полицияға жүгінеді. Анасы баласы табылғанша, екі сағат бойы өзін қоярға жер таппаған. Кейін белгілі болғандай, ол автобустың бағытын шатастырып алған.

Ақпанның 7-сі екінші бір балақай жаттығудан кейін үйіне уақытында келмей қалған, телефон қоңырауларына жауап бермеген. Оның анасы сыныптасының ата-анасына хабарласады. Олар «Где мои дети» мобильді қосымшасын пайдаланатынын, сол бағдарлама бойынша баласының Қазақстан Конституциясы көшесі бойындағы сырғанақта болғанын, кейін байланыс үзілгенін айтады. Ювеналдық полиция қызметкерлері осы мәліметке сүйеніп, сол төңіректі шолуға кірісті. Балалардың жақын маңдағы сауда объектілеріне жылынуға кірулері мүмкін деген ойлары дәл келді. Ойынға алданып жүріп қалған, телефондарының қуаты таусылған балақайлар ата-аналарына табысталды.

– Әр ата-ананың көшеде, далада қауіпсіз жүріп-тұруы жөнінде балаларымен әңгімелесуі қажет. Телефондарының қуаттаулы, дыбысы қосулы болуын қадағалау қажет. Жоғалған әр баланы іздеуге полицияның бар күші жұмсалады. Сондай-ақ іздеуге еріктілер де кіріседі, олар әлеуметтік желілерге бағдарлар жариялайды. Баланың ойынға салынып, кешігуі ата-аналарын, тағдырына бей-жай қарамайтын жандарды әбігерге салатынын түсінгені абзал, – дейді Петропавл қалалаық ПБ ЖПҚ бөлімі ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы Эльмира Абушева.

Ювеналдық полицейлер баласы жоғалған әр отбасын назарға алады және олармен профилактикалық әңгімелер жүргізеді. Петропавлда жыл басынан балалардың жоғалуының 12 фактісі тіркелген. Олардың барлығы дін аман табылды. Ата-аналары қиын жағдайда бір өздерін қалдырмай, көмек көрсеткен полицейлерге алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру