Ақмолада 18 жастағы ұры бейнекамераға түсіп қалды
Ақмолада 18 жастағы ұры бейнекамераға түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қосшы ПБ полиция бөлімінің қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы аясында жергілікті кәсіпкердің өтініші бойынша ұрлық ашты. 29 қаңтарда ұялы телефон аксессуарлары бутигінен ұялы телефондардың аксессуарлары, зарядтау құрылғылары мен 24 SIM-карта ұрланғаны анықталды. Шығын сомасы 46 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады, ол Қосшы қаласының 18 жастағы тұрғыны болып шықты. Заттай дәлелдемелер алынды.
Қосшы ПБ тергеу бөлімі аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Сонымен қатар, жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері Ақкөл қаласының 35 жастағы тұрғынынан ішкі істер органдарында тіркелмеген ұңғысы 7.62 мм калибрден қайта жасалған 16 калибрлі «ИЖ-К» маркалы тегіс, бір ұңғылы мылтықты тәркіледі. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізілуде.