Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында 12 сотталған бостандыққа шықты

Қызылорда облысында 12 сотталған бостандыққа шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 ақпан күні ЗК-169/5 мекемесінен 12 сотталған бостандыққа шықты. Осыған сәйкес босатылғандармен “Қақпа алдында кездесу“ шарасы ұйымдастырылды. Бұл жобаның сотталғандардың жұмысқа орналасуына, қоғамға бейімделуіне маңызы зор. 

Шараға Қызылорда қалалық пробация қызметінің қызметкерлері мен мекеменің психолог, медицина мамандары қатысты. Кездесу барысында жазасын өтеп босатылған адамдардың бостандықтағы құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Кейбірі ішкі істер органына есепке алынуы тиіс болса, енді бірінің пробация қызметіне тіркеліп, жұмыс таңдауына, орналасуына, әлеуметтік көмектер алуына мүмкіндігі бар екені айтылды.

– Жаза мерзімімнің өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылды. Түзеу мекемесінде өткен уақыттарым арқылы әр нәрсеге байыппен қарауға үйрендім. Заң шеңберінен аспауға бекіндім. Бұл маған өмірлік сабақ. Жаңа айтып жатқан пробация қызметінің көмегі арқылы алдағы уақытта қоғамға бейімделіп, аяққа тұрсам деген мақсатым бар, – деді жазасының өтелмеген мерзімі жеңіл жаза түріне ауыстырылған сотталған.

Босатылған 12 адамның екеуі мерзімінің аяқталуына байланысты босатылса, бесеуінің өтелмеген мерзімі неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылды.  Ал бесеуі шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру