Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында 4 көліктің қатысуымен ЖКО орын алды

Ақтөбе облысында төрт көліктің қатысуымен ЖКО орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 ақпанда сағат 11:00 шамасында Самара-Шымкент автожолының 619 шақырымында төрт автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.

Автокөлік таситын Reno жүргізушісі жолдың тайғақ бөлігінде метеорологиялық жағдайды ескермей, алда келе жатқан автокөліктерді тиеген Reno жүк автокөлігімен соқтығысуға жол берген.

Reno автотасымалдаушы көлігі соққыдан қозғалыс бағытын өзгертіп, қарсы бағытта келе жатқан Mercedes жүк көлігімен соқтығысады.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mercedes жүк көлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақатымен Хромтау қаласының орталық ауруханасына жатқызылды.

ЖКО фактісі бойынша тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру