Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері әлеуметтік желілерде халықпен диалог жүргізуде

СҚО полицейлері әлеуметтік желілерде халықпен диалог жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері әлеуметтік желілерде облыс тұрғындарымен тығыз қарым-қатынас жасауда. Мониторинг жүргізу кезінде тәртіп сақшыларының құзыретіне жататын жарияланымдар анықталады.

Жарияланымдардың басым бөлігі Петропавл қаласында. Желі қолданушылары әлеуметтік желілерде жол-көлік оқиғаларының суреттерімен бөлісіп, жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтары, жол инфрақұрылымының проблемалық учаскелері, қоғамдық тәртіптің бұзушылықтары туралы фото мен видеоны орналастыруда. Тиісті қызметтер түсініктемелер әзірлеп, қажет болған жағдайда ден қою шараларын қабылдайды.

Instagram желісінің белгілі бір пабликтерінің бірінде Петропавл қалалық Театральная көшесінде орналасқан жылу трассасының құбырларында түсірілген видео пайда болды. Тұрақты мекенжайы жоқ тұлғалар санитарлық жағдайды сақтамай, аталған орынды ластаған. Сол жерге жіберілген Петропавл қалалық қабылдап-тарату орнының іріктеу тобы қаңғып жүрген 8 адамды анықтаған. Полицейлер пайда болған кезде аталған тұлғалар саналылық танытып, қабылдап-тарату орнына жеткізілместен бұрын аумақты қоқыстан тазалаған.

– Сервистік жұмыс моделі шеңберінде полицейлер адамдарға қолайлы алаңдарда халықпен диалог жүргізуде. Азаматтар полиция жұмысын көреді, жарияланымдарға жедел ден қою халықтың құқықтық санасының артуына ықпал етеді, – деді Петропавл қалалық Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин. 

Қаңтар айында СҚО полицейлері 34 жарияланымға, өткен жылы – мыңнан астамына түсініктеме орналастырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру