Ақмолада ҚАЖ қызметкерлері Ауған жауынгерлерін ажалдан арашалаған медбикені құрметтеді
Ақмолада ҚАЖ қызметкерлері Ауған жауынгерлерін ажалдан арашалаған медбикені құрметтеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысындағы ЕЦ-166/4 қатаң режимі мекемесінде медбике Елена Бирюкова 2014 жылдың тамыз айынан бастап жұмыс істейді.
1986 жылдың шілдесінде өз еркімен Ауғанстан Республикасындағы совет әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында Кабул қаласының қабылдау-диагностикалық бөлімшесінің инфекциялық госпиталіне жұмысқа барды. Жас медбикелер соғысқа өз еріктерімен барған кезде не ойлағандарын айту қиын.
– Иә, бұл оңай болған жоқ, күндіз-түні жаралылармен жұмыс істедік, операцияларға көмектестік, біздің жігіттерді қатарға қайтардық», – деп еске алады әскери медбике Бирюкова.
Жас әріптестерінің өтініші бойынша Елена сол күндер туралы естеліктерімен бөлісті, залда бірнеше минутқа тыныштық орнады. Әскери медбикеге Ауған соғысы туралы айту оңайға соқпады.
– Елена Брюкова атынан біз сарбаздарға, сержанттарға, офицерлерге, Отанына жанқиярлықпен қызмет еткендерге үлкен құрмет көрсетеміз, жауынгерлерге шын жүректен алғыс білдіреміз, басқа мемлекеттердің аумағында бітімгершілік миссиясын орындаған интернационалистерге, соғыс қимылдарының ардагерлеріне зор денсаулық, бейбітшілік, ертеңгі күнге сенімділік, сәттілік пен амандық тілейміз, – деді колония бастығының орынбасары Жеңіс Ибраев.