Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда ПД қызметкерлері Ауған соғысының құрбандарын еске алды

Атырауда құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлері Ауған соғысының құрбандарын еске алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ауған соғысына 22 мыңнан астам қазақстандық жауынгер аттанды. Оның 761-і мерт болса, ал 21-і хабар-ошарсыз жоғалып кетті. Бұл күн біз үшін қаза тапқан бауырларымызды еске алатын күн.

Атырауда Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай Ауған соғысының құрбандарын еске алу рәсімі өтті. Рәсімге облыстық Полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев пен Ауған соғысының ардагері Толыбай Шәкіров қатысты. Жиналған қауым соғыста қаза тапқандардың аруағына тағзым қылып, оларға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Ауған соғысының ардагері Толыбай Шәкіров 1979 жылы бозбала кезінде әскерге аттанып, сұм майданға тап болған. Екі жылын жат жерде өткізген ол сұрапыл соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісті.

– Кешегі Қаңтар оқиғасындағы полиция ерлігі өлшеусіз. Ондай жағдайда, әркім өзін полицияның орнына қойып қарауы керек. “Мен сол жерде болсам, қайтер едім?”, “Егер мен полиция қызметкері болсам, не істер едім?” деген ой болуы керек. Сол кезде бәлкіс түсінерсіз. Көріп отырмыз, оларды таяқпен ұрғылап, киімдерін шешіндіріп, шашып алып кеткен. Өз жанын аман алып қалуы деген болмайды. Сондықтан полиция ерлігі өлшеусіз, – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру