Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері дүкеннен спирттік ішімдік ұрлаған күдіктіні құрықтады

Түркістан полицейлері дүкеннен спирттік ішімдік ұрлаған күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданады. Оның айтуынша, өзінің дүкеніне белгісіз біреу кіріп, жасырын түрде спирттік ішімдікті жымқырып кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 187-бабы (Ұсақ-түйек жымқыру) бойынша тіркелді.

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі бес мың теңгені құрады. Орын алған ұрлық қылмысын ашу мақсатында аудандық полицейлер шұғыл әрекетке кірісті. Куәлардан жауап алып, қажетті шараларды іске асырды. Нәтижесінде, полицейлер қылмыстың «ізін суытпай» 4 сағат ішінде күдіктіні анықтады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті дүкенге кіріп, айналасында ешкімнің жоқтығын пайдаланып ішімдікті олжалаған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру