Қарағанды облысында әйелдің сөмкесін тартып алған жігіт ұсталды
Қарағанды облысында әйелдің сөмкесін тартып алған жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10 ақпанда Қарағанды облысы Абай ауданы ПБ-на 55 жастағы Абай қаласының тұрғыны жүгінген. Түнгі уақытта үйіне қайтып келе жатқан әйелге белгісіз біреу шабуыл жасап, ақша, косметика салынған сөмкені жұлып алып, қашып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 657 мың теңгені құрады.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
13 ақпанда «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 31 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Заттай айғақ алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.