Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда пәтерді жалға алған әйел бағалы заттарды ұрлап кетті 

Теміртауда пәтерді жалға алған әйел бағалы заттарды ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 ақпанда Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне 53 жастағы қала тұрғынынан арыз түскен. Арызданушы белгілі бір әйелдің пәтерден бағалы заттарды ұрлап кеткенін хабарлады. Келтірілген шығын көлемі 537 мың теңгені құрады.

Жәбірленуші үйсіз жүрген бейтаныс әйелге пәтеріне бірнеше күн паналауға рұқсат берген. Пәтерді жалға алған әйел пәтердегі бағалы заттарды өзімен бірге алып кетеді. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

13 ақпанда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 49 жастағы әйелді анықтады. Күдікті қылмысын мойындап, заттай айғақтар алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру