Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да балықты заңсыз тасымалдаудың үш фактісі анықталды

ШҚО-да балықты заңсыз тасымалдаудың үш фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңірдегі жағдайды сауықтыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауға бағытталған «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу шеңберінде полиция қызметкерлері балық ресурстары мен дериваттарды заңсыз тасымалдауды анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.

Тек ақпан айының бірінші онкүндігінде осындай 3 факт анықталды.3 ақпанда Зайсан ауданының полицейлері Зайсан қаласын патрульдеу кезінде үйлердің бірінің жанында ВАЗ автокөлігін тоқтатты, оның басқаруында Күршім ауылының 38 жастағы тұрғыны болған. Көлік құралын тексеру кезінде қызметкерлер тиісті құжаттарсыз 30 келі әртүрлі балық тапқан.

Қазіргі уақытта материал Зайсан аудандық балық инспекциясы бөліміне ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабы (Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін және олардың бөліктері мен дериваттарын заңсыз сатып алу, өткізу, тасымалдау, әкелу, әкету, сақтау (ұстау)) бойынша сотқа жолдау үшін жіберілді.


Балықты заңсыз тасымалдаудың тағы бір фактісін тәртіп сақшылары ағымдағы айдың 8-і күні республикалық маңызы бар Омбы – Майқапшағай тасжолында анықтады.

ШҚО ПД ППБ қызметкерлері 42 жастағы облыс тұрғынының басқаруындағы Mercedes-Benz көлігін тоқтатқан. Оның автокөлігін тексеру кезінде тиісті құжаттарсыз әртүрлі балықтармен толтырылған екі қап табылды. Нәтижесінде 6 келі табан мен 2 келі шортан алынды. Шығын 19 296 теңгені құрады.Жиналған материал ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабы бойынша 42 жастағы тәртіп бұзушыға қатысты шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Келесі күні құқық қорғаушылар Зайсан көлінің жағасында осындай оқиғаның жолын кесті.

9 ақпанда учаскелік полиция инспекторы «Охотзоопром» РМҚК инспекторымен және Көкпекті балық инспекциясының қызметкерімен бірлесіп, Зайсан көлінің солтүстік-батыс учаскесінде балық аулауға тыйым салынған аймақта 34 жастағы ер адамның басқаруымен УАЗ автокөлігін тоқтатты. Облыс тұрғынының көлігін тексерген кезде: 4 келі көксерке, 18 келі шортан, 50 келі табан, 2 келі мөңке табылды. Мемлекетке келтірілген залал 230 827 теңгені құрады.

Материал ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабы бойынша сотқа жіберу үшін Зайсан аудандық балық инспекциясы бөліміне жіберілді.

Еске сала кетейік, облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ 15 қаңтардан бастап ерекше өкімге дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру