Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл мекемелеріндегі сотталған әйелдер жетім балаларға қайырымдылық жасауда

Петропавл мекемелеріндегі сотталған әйелдер жетім балаларға қайырымдылық жасауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотталған әйелдердің бастамасы бойынша СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінің аумағында ерекше қайырымдылық қоры құрылды. Нақтылап айтсақ, қатысушылар ақшаны емес, жанын салатын қайырымдылық қорын құру идеясы есірткі үшін сотталған 35 жастағы Даринаға тиесілі.

Есірткі саудасымен ұзақ уақыт айналысқан 35 жастағы Дарина оны колонияға алып келген өмірін көз жаспен еске алады. Нашақорлық жас геодезисттің мансабын ерте тоқтатты, ал ЖОО-ны аяқтап та үлгермеді.

– Менің өз балаларым жоқ, бірақ кез келген әйел сияқты мен де бала сүюді армандаймын. Жетімдерге көмектесу идеясы кездейсоқ пайда болған жоқ. Мен балаларға жан жылуын сыйлап, қамқорлық жасағым келеді. Осындай себеппен мен ана мейірімі мен назарынан айырылған балаларға өз қолыммен сыйлықтар жасауды ұсындым. Дәл осылай Петропавл қаласындағы балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жетім балаларға тегін киім тігу идеясы пайда болды, – дейді Дарина.

– Даринаның идеясы маған ұнады. Әрдайым қолдан келетін көмекті көрсетуіміз керек. Біз киім тігуге қажетті бөлме мен жабдық бөлдік. Нәтижесінде, шағын тігін шеберханасы пайда болды. Киімге қажетті азын-аулақ заттарды сатып алуға мешіт көмек берді. Балалар үшін киім тігу қысқы киімдерді тігуден басталды. Саны мен киімнің өлшемдері туралы қателеспеу үшін балалар ауылында қанша бала бар екенін, олардың жасы қандай екенін білдік. Жобаның бастамашысы Дарина картограф-сызбашының кәсіби шеберлігін еске алдық. Бостандықта геодезист болып жұмыс істегені тігіншілікте де қажет болды. Үлгілері мен дизайндерін ғаламтордан тауып алдық. Даринаның ойын естіген тағы бірнеше сотталған оған көмектесуге ниет білдірді. Жалпы 15-тен астам киім тігілді, бұл тек бастамасы ғана екені сөзсіз. Балалар ауылы балаларының эмоциялары адам айтқысыз ерекше болды. Жүрегің елжіреп кете береді. Дарина да киімдердің балаларға қатты ұнағанын естіп, көзіне жас алды, – дейді СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінің әлеуметтік-психологиялық және тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы Оксана Вышар.

ЕС-164/6 мекемесінің қызметкерлері жаңа заттар партиясын Петропавл балалар үйіне алып кетті, онда жетім қалған және ата-анасы тастап кеткен үш жасқа дейінгі балалар бар. Олар үшін сотталғандар орамал, костюмдер, жаялық, пинеткалар, гольфиктер мен биялайлар тігіп берді.

– Аз қамтылған және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға деген қайырымдылық көмек әйелдердің ең жақсы адами қасиеттерін оятқанына сенімдімін. Ерікті қамқоршылар мен жетімдер көріспесе де, осы кезден бастап олардың арасында көзге көрінбейтін байланыс бар, – деді СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінің бастығы Қанат Сүлейменов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру