Қызылордада қамаудағы азаматтың анасы ҚАЖ қызметкерлеріне алғыс айтты
Қызылордада қамаудағы азаматтың анасы ҚАЖ қызметкерлеріне алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаңтар оқиғасына байланысты қамауда отырған азаматтың анасы Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Ш.Есенкелдиевтің қабылдауында болып, департамент басшылығына және тергеу изоляторы қызметкерлеріне аналық алғысын білдірді.
– Ұлым бір айдан асты ЗК-169/1 мекемесінде ҚР ҚК-нің 272-бабының 2-бөлігімен (Жаппай тәртiпсiздiк) қамауда отыр. Тергеу изоляторының қызметкерлері мекемеге келген әрбір азаматқа әдептілік танытып, сұрақтарымызға заң аясында жауап беріп жатыр. Мен бұл мекеге келіп жүргенде байқағаным, барлық жерде бейнебақылау орнатылған. Күнделікті ыстық тамақ алып келгенде, сәлем-сауқатты қабылдауы жоғары дәрежеде ұйымдастырылған көремін. Содан болар баламның айтуынша, тамағымыз ыстық күйінде камерасына жетіп отыр. Тергеу изоляторының қызметкерлерінің әдептілігіне, қарапайымдылығына, қызметтеріне адалдығына риза болып, департамент бастығы Шәймерден Тәжіқұлұлына және тергеу изоляторының ұжыма алғысымды білдіремін, – деді қала тұрғыны.