Түркістанда жол үстінде екі жүргізуші төбелесіп қалды
Түркістанда жол үстінде екі жүргізуші төбелесіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан қаласы ПБ-ның кезекші бөліміне облыс орталығының қиылыстарының бірінде төбелес болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келгеннен кейін Нyundai және BMW көлігінің жүргізушілері арасында төбелес болғаны анықталды.
Hyundai көлігінің жүргізушісі бағдаршамның көзі жанып-өшіп, белгі беріп жатқан кезде тоқтағаны белгілі болды. Ал бұл жағдай BMW жүргізушісінің наразылығын тудырғандықтан Hyundai жүргізушісіне балағат сөздерді айта бастаған. Жүргізушісі бұған агрессивті түрде жауап беріп, көлігінен битаны алып, BMW көлігінің бамперіне соққы жасайды, ал қарсыласқан жүргізуші болса жауап ретінде Hyundai көлігіне материалдық шығын келтірген.
Осы кезде төбелес болған жерге Түркістан қаласы ПБ ЖПҚ патрульдік полиция қызметкерлері келіп, көлік иелерін ажыратты. Екі жүргізуші де одан әрі тергеу үшін Полиция басқармасына жеткізілді.
Аталған жайт Түркістан қаласы ПБ ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.