«Заңды құрметтеу, азаматтардың құқықтық санасы мен бірлігі – бейбіт өмірді сақтаудың берік негізі»
Қаңтар оқиғасы «бейбітшілік» және «қауіпсіздік» сөздерінің маңыздылығын шын мәнінде бағалай білуде қазақстандықтардың санасын күрт өзгертті. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі Жолдауында Тәуелсіздіктің басты жемісі – бейбіт өмір мен қоғамдық келісім деген болатын. Осы жемісті сақтаудың берік негізі азаматтардың құқықтық санасы, бірлік пен заңға құрметпен қарау болып табылатынын айта кеткен жөн. Бұл ретте құқық қорғау органдарының рөлі зор, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Жолдауда нақты кезең-кезеңмен көрсетілген шаралар осы векторды нығайтуға септігін тигізеді. Ашық диалог алаңдары, заңнама базасын жетілдіру, әлеуметтік пакеттерді кеңейту, экономикалық жаңару – осының бәрі қазақстандықтардың өмірін жақсартуға бағытталған. Ел Президенті адамдардың құқықтарын қорғау саласын жеке блок ретінде қарастырды. Бұрын пилоттық жоба аясында кейбір облыстарға енгізілген сервистік жұмыс моделі барлық полиция бөліністерінде берік іргетасына айналып отыр. Осы бағытта Солтүстік Қазақстан облысында көп жұмыс атқарылса да, алдымызда әлі де көптеген іс күтіп тұр. Жергілікті атқарушы органдар және жұртшылықпен өзара қарым-қатынас жүргізудегі ұйымдастырушылық іс-шаралар ғана емес, одан бөлек азаматтардың сана-сезіміне әсер ету де бар, – дейді СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов.
Осындай форматты нығайтудағы үлкен және саналы қадам жаңа заманауи стационарлық полиция бекеттерін ашу болды. Бүгінде Петропавлда – 6, Тайынша ауданында бір бекет ашылды. Олардың орналасу орны халықтың полицияны жанында екендігін, қандайда да бір жағдай болса, қайда баруға болатынын сезінуге мүмкіндік береді.
«Жұртқа жақын полиция» қағидатының тиімділігін көрсеткен соңғы жағдайдың бірі 14 ақпанда орын алды. Петропавл тұрғыны 3 жасар қызын жоғалтып алады. Бала әжесімен қалған, анасы келгенде үйде болмай шыққан. Әбігерге түсіп, сәбиін іздеген әйел жақын маңдағы модульдік полиция бекетіне жүгінген, бұл кезде полиция қызметкерлері Жедел басқару орталығынан табылған қыз жайлы хабардар болған. Осындай ашық және көз алдымыздағы алаңдар азаматтардың қорғаныс пен қауіпсіздік сезімдерін нығайта түседі.
Жолдауда белгіленген міндеттерді нақты іске асыру аясында тұрғын үймен біріктірілген учаскелік полиция пунктін ашу болды. Бұл бағытты іске асыруда жергілікті атқарушы билік пен аграрийлер көмек көрсетіп, маңызды позицияны иеленді. Солтүстікқазақстандықтар мұндай өзгерістерге өз бағасын беріп, учаскелік инспектордың 24 сағат бойы жағдайдан хабардар болуға мүмкіндік беретіндігін атап өтті. Халықпен осындай өзара іс-қимыл құқықтық тәртіпті нығайтуға септігін тигізді.
Мысалы, Мамлют ауданының Новомихайловское ауылында жаңа полиция пункті ашылған сәттен бастап бірде-бір қылмысқа жол берілген жоқ. Жолдауда қойылған міндеттер аясында алаяқтықтың алдын алу, есірткі қылмысына қарсы күрес, балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ауқымды жұмыс атқарылуда. Полиция жұмысына халық сенімін арттыруға жағдай жасайтын маңызды тетіктің бірі қоғамдық бақылауды күшейту болып табылады. Құқық қорғаушылардың қатысуы, олардың берген өз бағасы, қамауға алынғандарды ұстау жағдайын бақылау мән-жайды объективті және әділ анықтаудың алғышартын қалыптастырады.
Енгізіліп отырған жобалар мен жұмысты жетілдірудің жаңа моделі қылмыстың жолын кесу бойынша құқық тәртіп органдарының ашықтығы мен жүйені жақсартуға бағытталғанын атап өткім келеді. Жүргізіліп жатқан іс-шаралардың басты нәтижесі азаматтардың құқықтық мәдениетін нығайту мен еліміздегі қауіпсіздікті шын мәнінде сезінуінде.