Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Дәрмек” іс-шарасы: Ақтөбе облысында 4 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды

Ақтөбе облысында “Дәрмек” іс-шарасы барысында 4 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысының аумағында 2125 ақпан аралығында “Дәрмек” кең ауқымды жедел-профилактикалық шараның бірінші кезеңі жүзеге асырылуда.

3 күн ішінде есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорлардың заңсыз айналымына қатысты 4 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 303-бабы, 1-тармағы (Есiрткi, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу) бойынша бір факті, 297-бабы, 3-тармағы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша екі факті296-бабы, 2-тармағы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша – бір факті анықталды.

Медицина қызметкерлерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтың 3 фактісі анықталды, оның ішінде ҚР ӘҚБК 426-бабы бойынша (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) – бір дерек, 427-бабы бойынша (Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу) – бір факті, 464-бабы бойынша (Лицензиялау нормаларын бұзу) – бір дерек.

396 грамнан астам синтетикалық есірткі заттары және 132 ампула құрамында есірткі заты бар медициналық дәрі-дәрмек тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру