Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда есірткінің заңды айналымы саласында іс-шара жүргізілуде

Алматыда есірткінің заңды айналымы саласында іс-шара жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының мәліметі бойынша, осы күндері заңды есірткі айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған “Дәрмек” жедел алдын алу іс-шарасының бірінші кезеңі жүргізілуде.

– Қазіргі уақытта “дәріхана нашақорлығы” деп аталатын ауру кең тараған. Осы мәселенің өзектілігін ескере отырып, ІІМ бастамасымен күшті әсер ететін заттарды тізімге қосу арқылы жекелеген препараттардың айналымына бақылау күшейтілді. Бұл «Адамның өмірі мен денсаулығына зиянды әсер беретін күшті әсер ететін заттардың тізбесін айқындау туралы» ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №396 қаулысында көрсетілген. “Дәрмек” ЖАІ-ның негізгі бағыттарының бірі ҚР ҚК-нің 303 бабы – есірткі заттарын пайдалану ережелерін бұзу бойынша құқық бұзушылықты анықтау болып табылады, – деді Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының басшысы Ерлан Әлмағамбетов.

Іс-шара кезеңінде баяндамашының айтуынша, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымы саласында медициналық мекемелер мен шаруашылық субъектілерде жедел-іздестіру және тексеру іс-шаралары жүргізілуде. Мақсат – есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы есірткі қылмыстарын анықтау, олардың контрабандалық жолмен кіргізілуі мен шығарылуын, сондай-ақ бақылаудағы заттардың заңсыз айналымға ағып кетуіне жол бермеу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру