Петропавлда мектеп оқушылары қызметтік-іздестіру иттерінің жұмысымен танысты
Петропавлда мектеп оқушылары қызметтік-іздестіру иттерінің жұмысымен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері оқушыларды қызметтік-іздестіру иттерінің бір күндік жұмысымен таныстырды. Танымдық экскурсия СҚО Полиция департаменті Кинологиялық қызмет орталығының базасында өтті. Балаларға иттердің қылмыстарды ашуға қатысуы, жаттықтыру әдіс-тәсілдері және дағдыларды бекіту жұмысы туралы түсіндірілді. Қазіргі уақытта полиция ведомствосының балансында 49 қызметтік-іздестіру иттері бар, оның бесеуі есірткі іздеуге машықталған.
Кездесу барысында қызметкерлер түрлі сұрақтар қойды. Мәселен, оларды иттердің із алуы қызықтырды. Кинолог мамандар кішкентай қонақтарға иттерді үйрету жұмысының қыр-сырын ашып, балалар иттермен жұмыс істеп көрді: есірткі иісінің имитаторын жасырып, Белла лақап атты лабрадор жасырған затты тауып алды. Бельгиялық овчарка Көкжал қылмыскерді ұстады, бұл рөлде арнайы киімге киінген кинолог болды. Оқушылар полицейлердің төрт аяқты көмекшілерінен жасырынып, бір нәрсе жасыруға болмайтынына көз жеткізді.
– Бізге бұл жер ұнады, қызықты болды. Полицейлер иттермен күнделікті жүргізіп жатқан жұмысын көрсетті. Мен де полицей болып, жануарлармен жұмыс істегім келеді, – деп таңданысын жасырмады 13 жастағы Данил.
– Мұндай іс-шаралардың мақсаты – есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру және дамыту, балалардың есірткі зияны туралы білімдерін кеңейту, қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге жастарды тарту. Осы жыл Қазақстанда балалар жылы болып жарияланды және біз профилактикалық жұмысты оқушылардың полиция жұмысы туралы түсініктерін арттыруға бағыттаймыз, – деді СҚО Полиция департаменті Кинологиялық қызмет орталығының бастығы Самат Төлебаев.