Атырауда көлікке жалған мемлекеттік нөмір таққан жүргізуші анықталды
Атырауда жолаушылар тасымалдайтын көлікке жалған мемлекеттік нөмір таққан жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау қаласы аумағында 21 ақпан мен 2 наурыз аралығында өткізіліп жатқан «Автобус» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде патрульдік полиция қызметкерлері жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралына жалған мемлекеттік белгі орнатқан жүргізушіні анықтады.
26 ақпан күні сағат 07:50 шамасында Баймұханов көшесінің бойында патрульдік полиция қызметкерлері ГАЗ-32218 көлігін тоқтатқан. Тәртіп сақшылары анықтағандай, 34 жастағы жүргізушісі көлік құралына жалған мемлекеттік белгі орнатқан.
34 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігімен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.