Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда қоғамдық көлік жүргізушілері 15 мәрте жол ережесін бұзған

Атырауда қоғамдық көлік жүргізушілері 15 мәрте жол ережесін бұзған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау​ ​ қаласының тәртіп сақшылары 22 ақпанда ​басталған «Автобус» жедел-алдын алу шарасы кезінде қоғамдық көлік жүргізушілерінің 15 мәрте жол ережесін бұзғандығын анықтады. Сонымен қатар, қоғамдық көліктердің техникалық жай күйі тексеріліп, мүмкіндігі шектелген азаматтарға арналған пандустар қатаң бақылауға алынып, анықталған кемшіліктер бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 617-бабы 1-бөлімімен (Техникалық ақаулары бар көлік құралдарын пайдалануға шығаруға және пайдалану қағидаларын өзге де бұзушылықтар) дерегімен мекемеге әкімшілік хаттама жасақталды.

Осындай шаралар қоғамдық көліктердегі қауіпсіздікті арттырып, қызмет сапасын көтеруге септігін тигізбек. Сондай-ақ,​ ұйымдастырылатын республикалық рейд автобус жүргізушілерінің жол ережелерін бұзбауына ықпал жасайтыны анық. Соңғы жылдары автобус паркі талапқа сай жаңартылып,​ тексеріп, ақаулары болса, жөндейтін арнайы нысандар салынған.

– Тексеріс барысында облыс орталығындағы қоғамдық көліктердің техникалық жай-күйіне басты назар аударылды. Алдын алу шарасы басталғалы аймақта қоғамдық және жолаушылар тасымалдайтын көлік жүргізушілері тарапынан болатын жол қозғалысы ережесін бұзудың деректері біршама азайды.​ Қоғамдағы қауіпсіздік пен көрсетілетін қызмет түрлері әрдайым бақылауда болмақ, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру