Бурабай тұрғыны қайық станциясындағы 7 млн теңгенің катамарандарын зақымдады
Бурабай тұрғыны қайық станциясындағы жеті млн теңгенің катамарандарын зақымдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 ақпанда Бурабай ауданының полиция бөліміне қайық станциясының басқарушысы ауданның 54 жастағы тұрғыны жүк тиегішті басқара отырып, бес катамаранданы зақымдағаны туралы өтінішпен жүгінді.
Жәбірленушіге келтірілген шығын сомасын 7 млн теңгеге бағалады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 204-бабы 1-бөлігі (Бөтен мүлікті абайсызда жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.