Ақтөбеде қалта ұрысы уақытша ұстау изоляторына қамалды
Ақтөбеде қалта ұрысы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
28 ақпанда Ақтөбе қаласының қоғамдық көлік салонында 34 жастағы жолаушыдан Redmi Note 10 ұялы телефоны жасырын түрде ұрланған. Шығын 90 мың теңгеден асты.
Жедел-іздестіру тобының қызметкерлері 38 жастағы күдіктіні анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Ұрланған ұялы телефон тәркіленді.
ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті Ақтөбе қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.