Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жас ана полицейлерге алғыс айтты

Түркістан облысында жас ана полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлемдегі барлық аналар, өздерінің балалары тыныш, бейбіт елде өмір сүргенін қалайды. Ал түркістандық жас ана Гүлжан Саруар қазақ полициясына жүректен шыққан ізгі тілегін жеткізді.

– Ішкі істер органдарында сын сағатта өміріне төнген қауіптен арашалап адамдарға қол ұшын созып, ерлік көрсетіп жүрген полицейлер өте көп. Бейбіт күннің батырлары қашанда мақтау мен марапатқа лайық. Сондай тәртіп сақшылары Түркістан облысында да жетерлік. Кешегі қаңтар оқиғасында біздің киелі өңір тыныш болды. Аллаға шүкір, еліміз аман! Ұл-қыздарымыз алаңсыз күліп-ойнап жүр. Осының барлығында біздің полицейлердің еңбегі зор. Жарайсыздар, қызметтеріңізге сәттілік тілеймін, – деп атап өтті Түркістанның жас тұрғыны.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру