Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицей аналарды көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтады

Түркістандық полицей аналарды көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

Алғыс айту күні – қиын кездерді иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін мереке.

Көктемнің алғашқы мерекесінде Созақ аудандық полиция бөлімі әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Айжан Манапова көпбалалы аналарымыздың үйіне арнайы барып, мерекелік сый-сияпаттар табыстап, абзал жандарға алғыстарын білдірді. Көктемнің алғашқы мерекесі Алғыс айту күнінде ауданымыздың зейнеткер әжелері де полиция қызметкерлеріне алғыстары шексіз екендіктерін айтып, отбасыларына амандық, дендеріне саулық, қызметтеріне табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру