Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Орал колониясының қызметкерлері балалар үйіне қайырымдылық көмек көрсетті

Орал колониясының қызметкерлері балалар үйіне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

БҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері РУ-170/3 мекемесімен бірлесіп балалар үйіне көмек көрсетті. Мекеме қызметкерлері 5 жыл бойы қамқорлықта жүрген “Мейірім” балалар үйінің тәрбиеленушілерін назардан тыс қалдырмады.

Қызметкерлердің бастамасы бойынша бірінші кезекте қажетті заттар: памперстер, майлықтар және де басқа да қажетті заттар сатып алынды. Сондай-ақ, қызметкерлер балалар үшін тосынсыйлар дайындап, жұмсақ және ойлау қабілетін дамытатын ойыншықтар сыйлады.

– Балалар – біздің болашағымыз. Біздің еліміздің гүлденуі оларға байланысты. Балалардың айналасы қамқорға толып болып, жақсы оқып, республиканың үлгілі азаматтары болсын. Ал біз өз тарапымыздан сіздерге жан-жақты көмек көрсетеміз, – деді кадр саясаты тобының аға инспекторы Эльмира Ильясова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру