Ақтөбенің полициясына 50 мыңға жуық қоңырау келіп түсті
Ақтөбенің полициясына 50 мыңға жуық қоңырау келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері «102» телефонына түрлі типтегі 40 900-ға жуық қоңырау келіп түсті, оның ішінде 10 107-і полицияның кешенді күштерінің ден қоюын талап етеді.
Жедел басқару орталығы адамдар көп жиналатын орындарды бақылауға, полицияның жаяу және автопатрульдерінің іс-қимылын үйлестіруге мүмкіндік береді. Айта кету керек, жыл басынан бері 1 900-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық дер кезінде анықталып, 24 қылмыс ашылды.
Адамдардың полиция жасағын шақыру үшін «102» нөміріне қоңырау шалуға себеп табылады. Түнгі уақытта у-шу болып жүрген жастар кей адамдарға ұйықтауға кедергі келтіреді. Тапа-тал түсте біреуді тонап кетеді, ал біреу қылмыстың куәсі болады. ЖБО операторлары әрбір қоңырауға ден қойып қарайды және көмекке мұқтаж адамдарға көмектеседі.
– Операторлар үнемі шұғыл түрде шешілуі керек басқа адамдардың проблемаларына куә болады, – деді Ақтөбе қаласы ПБ ЖБО бастығы Ілияс Амангелді.