ШҚО-да тұрғыннан 1 млн теңгенің балығы тәркіленді
ШҚО-да тұрғыннан 1 млн теңгенің балығы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақпан айының ортасында бірлескен рейд барысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ШҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлімше инспекторларымен бірлесіп Бұқтырма су қоймасында бір талшықты ауларды пайдаланып, балық ресурстарын заңсыз аулаған Көкпекті ауданы Самар ауылының 44 жастағы тұрғынын ұстаған.
Оқиға орынан 178 келі рипус балығы, 100 метрлік екі тор, күрек пен шана тәркіленді. Келтірілген шығын көлемі – 1 млн теңгеден астам.
Қаскүнем дереу полиция бөліміне жеткізіліп, өз кінәсін мойындады. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты келуге міндеттеу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 335-бабы 1-бөлігі – санкциясы 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген балық ресурстарын заңсыз алу бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.