СҚО полициясында 583 нәзік жандылар қызмет атқарады
СҚО полициясында 583 нәзік жандылар ер азаматтармен қатар иық тіресе қызмет атқарып келеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментінде сегіз жылдан астам уақыт бойы Әйелдер кеңесі жұмыс жасауда. Басты міндеті – полиция ведомствосының ұжымдарында ана мен отбасы құндылықтарын нығайту, гендерлік саясат мәселелерін шешу. Сонымен қатар, қызметкерлер мәдени-бұқаралық жұмыстарға да белсенді қатысады, түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, полицияның қызметтік және қоғамдық өміріне байланысты мәселелерді талқылайды. Бұған қоса, олар қайырымдылық жұмыстарына көп көңіл бөледі. Көпбалалы отбасылар мен балаларға қамқорлық жасауды назардан тыс қалдырмайды.
СҚО ПД Әйелдер кеңесінде 16 қызметкер бар. Ішкі істер органдарының зейнеткер әйелдері және қызметкерлердің жұбайлары да Әйелдер кеңесінің қызметіне атсалысуда. СҚО полициясында 583 нәзік жандылар ер азаматтармен қатар иық тіресе қызмет атқарып келеді. Басым бөлігі ювеналдық полиция мен тергеу жұмыстарында, кейбірі жедел қызметте, криминалистикада, кинологияда және басқа бөлімшелерде өздерін сынап, биік белестерді бағындыруда.
Әйелдер кеңесінің мүшелері үшін қызмет атқаратын қыз-келіншектердің денсаулығы мен сұлулығын сақтау жағынан көмек көрсету маңызды. Олар 8 наурыз мерекесі қарсаңында медицина қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды, қонақтар құнды кеңестерімен бөлісіп, сұрақтарына жауап берді.
– Әйелдер кеңесінің басты міндеттерінің бірі – жұмыс барысында нәтижелерге қол жеткізуге итермелеу, мотивация беру, қолдау көрсету. Қызмет атқарған кезде жақсы көңіл-күй, күш-қуат беретін отбасымызды ұмытпағанымыз жөн, – дейді Әйелдер кеңесі төрағасының орынбасары Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы Сән Жұмағазина.