Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада мас күйінде мотокөлік басқарған жүргізуші жауапқа тартылды

Қызылордада мас күйінде мотокөлік басқарған жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен аудан көлемінде өтіп жатқан «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Арал қаласының көшелерінің бірінде Урал мотокөлігін тоқтатты. Құжаттарын тексеру барысында жүргізушінің алкогольдік масаң күйде көлік басқарғанына күдіктеніп, медициналық сараптама орталығында тексеру жүргізді. Медициналық қорытынды нәтижесі бойынша жүргізушінің «жеңіл дәрежеде» мас күйде болғандығы нақтыланды.

Мотокөлік жүргізушісіне қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар аудандық сотқа жолданды.

Аудандық соттың қаулысымен мас жүргізушіге 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамақ және жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру туралы әкімшілік жаза қолданылды

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру