Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғанда тұрғынның көлігін ұрлап кеткен ер адам ұсталды

Жезқазғанда тұрғынның көлігін ұрлап кеткен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 ақпанда Қарағанды ​​облысы Жезқазған қаласының ПБ-на жеке үйлердің бірінде ұрлық орын алғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп, тексеру жұмыстарын жүргізе бастады.

Ұры үй иесінің жоқтығын пайдаланып, пластикалық терезені ашып, үйге кірген. Содан кейін есіктерді бұзып, көлік тұрған гараждан көлікті айдап кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 36 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ұсталған адам кінәсін мойындады. Заттай айғақтар тәркіленді.

ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру