Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда дәмханадан телефон ұрлаған тұрғын ұсталды

Түркістанда дәмханадан телефон ұрлаған тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам АПБ-ға арызданған жергілікті тұрғын аудан орталығындағы дәмханадан Samsung Galaxy A12 телефонын белігісіз біреулер ұрлап кеткенін айтқан.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді. Бұл ұрлық қылмысын ашу мақсатында полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде, күдікті азамат анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Айғақты зат ретінде қолды болған ұялы телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Күдіктінің бас шарасы қолхатта. Жәбірленуші ұялы телефонын тауып берген полиция қызметкерлеріне үлкен алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру